Дональд Трампқа Украинадағы қақтығысты тоқтатудың ең жылдам жолы ұсынылды

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф Украинадағы қақтығысты тоқтатудың ең жылдам жолын атады. Бұл туралы ол Вашингтонда Ресейдің өкілі Кирилл Дмитриевпен кездесуден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Oxu.Az сайтына сілтеме жасап..
Уиткоффтың айтуынша, Украинада бейбіт келісімге келудің ең тиімді және жедел жолы – Ресейдің Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын ресми түрде тануы.
"АҚШ-тың арнайы өкілі Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесіп, нақты ұсыныс айтты. Оның пікірінше, атысты тоқтатудың ең қысқа жолы – Ресейге Украинаның шығысындағы төрт аймақты иемдену құқығын беретін стратегияны қолдау", – деп хабарлайды агенттік дереккөздерге сілтеме жасап.
Алайда бұл бастамаға Трамптың Украина жөніндегі арнайы кеңесшісі, генерал Кит Келлог қарсы шықты. Ол Киевтің мұндай шарттарға ешқашан келіспейтінін атап өтті. Басылымның хабарлауынша, аталған кездесуде АҚШ президенті нақты шешім қабылдаған жоқ.
Соңғы жаңалықтар




