Дорамадан Назарбаевтың егізі табылды
1595
Әлеуметтік желіде оңтүстіккореялық актер Сон Бён Хо мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы ұқсастығы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz порталы ZTB.KZ басылымына сілтеме жасап.
Көпшілік «Я не робот» дорамасындағы кейіпкердің бойынан бұрынғы мемлекет басшысының таныс белгілерін байқаған. Желі қолданушылары фильмнен үзінділер жариялап, актердің мимикасы мен көзқарасы және жүз пішіні Назарбаевтың әр жылдардағы бейнесіне келетінін жарыса жазды. Пікір білдірушілердің бір тобы мұны сәтті түсірілген ракурс әсері деп санаса, енді бірі оны тұңғыш президенттің «кореялық егізіне» теңеп үлгерді.
Қазнетте танымалдылыққа ие болған Сон Бён Хо 1962 жылы дүниеге келген және «18 мамыр», «Файлан» фильмдерімен қатар «Судья Ли Хан Ён», «Сиқырланған сарай», «Біздің жалынды жастығымыз» сериалдары арқылы танымал. Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазір 85 жаста және зейнет демалысында жүр.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...