Джеки Чан «Доспехи Бога-4» фильмін Қазақстанда түсіреді
769
Аты аңызға айналған актер Джеки Чан «Доспехи Бога» франшизасының төртінші бөлімін Қазақстанда түсіреді, деп жазады POLITICO.KZ.
Бұл жаңалықты Digital Bridge 2025 форумы аясында Мемлекет Басшысымен кездесу кезінде қазақстандық Sәlem Entertainment медиакомпаниясының бас директоры Игорь Цай мәлімдеді.
«Қазір біз Джеки Чан басты рөлде ойнайтын фильмді бірлесіп жасап жатырмыз. «Доспехи Бога-4» фильмі Қазақстанда түсіріледі», – деді Игорь Цай.
«Доспехи Бога» франшизасы – бұл Джеки Чанның өзі жасап, сахналаған танымал шытырман оқиғалы боевиктер сериясы болып табылады. Джеки Чан осы сериядағы барлық фильмдердің идея авторы, режиссері және басты рөлді сомдаушысы.
Айта кетейік, Digital Bridge 2025 форумында Sәlem Entertainment компаниясы жасанды интеллект саласындағы жаңа жобаларын таныстырған болатын.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...