"Қолына сарқыт ұстатып жіберіпті": Дженнифер Лопестің музыканты қазақ отбасының үйінде бешбармақ жеді
Алматыға келген Дженнифер Лопестің бас-гитарисі қарапайым қазақ отбасының үйінде бешбармақтан дәм татты, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.
Әлеуметтік желіде әйгілі әншінің командасындағы музыканттың алматылық отбасының үйінде қонақта болған видеосы тарап жатыр. Белгілі болғандай, үй иесінің жиені аулада кездейсоқ танысқан шетелдік қонақты үйіне шақырған.
Видеода музыканттың баламен бірге ас үйдегі үстелде отырып, алғаш рет ұлттық тағамнан дәм татып жатқанын көруге болады. Бота есімді қыздың айтуынша, олар мейманның келетінін небәрі он бес минут бұрын естіген. Бешбармақ дайын тұр екен, себебі отбасы жаңа ғана түскі астарын ішіп болған. Желі қолданушыларының кейбірі шетелдік мейманның қарапайым үстелге отырғызылғанына таңданыс білдіргенімен, пікірлердің басым көпшілігі әртісқа берілген сарқыт жайлы әзілге толы болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
09:35
Алматы метросында көзі көрмейтін жігіттің өлімі...
17.11.2026
09:02
Алматыдан Гоаға бағыт алған ұшақ Делиге шұғыл қ...
17.11.2026
08:35
«Ұрып, қол-аяғын байлаған»: Атырауда қарияны қо...
16.11.2026
22:33
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы журналист Вадим Боре...
16.11.2026
21:32
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықар...
16.11.2026
20:17
Астанада оқушы қыз мектепке пышақ алып келіп, ө...