Дзюдошы Абиба Әбужақынова әлемдік жарыстан алтын жеңіп алды

Дзюдошы Абиба Әбужақынова әлемдік жарыстан алтын жеңіп алды
08.03.2025 11:25
0
50
Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 келі) әлемдік Гран-при жарысының финалында күресті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Финалда қазақстандық балуан жапониялық Мизуки Харадамен кездесті.

Белдесу барысында Абиба белсенділік танытты. Нәтижесінде қарсыласынан 10:1 есебімен басым түсіп, Гран-при жарысының чемпионы атанды.

Ол жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланды), ал ширек финалда Спрингер Жаклинді (Австрия) жеңді.

Абиба Әбужақынова 1997 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2022, 2024 жылдары қола алды.

Ал Азия чемпионатында 2021, 2022 жылдарда күміс медальға қол жеткізді.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған додада әлемнің 52 елінен 438 спортшы бақ сынайды деп жоспарланған.

Гран-при турнирінде Қазақстан намысын 16 татами шебері қорғап жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий