«Екеуінен дуэт күтесіздер ме?»: Сырым Исабаев пен Қайрат Нұртас кездесті
Танымал әнші Қайрат Нұртас Сырым Исабаевпен бірге әлеуметтік желіде көпшіліктің көзіне түсіп қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Видеоны әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің желідегі парақшасында жариялаған. Видеожазбадан Қайрат пен Сырымның бір-бірімен жылы амандасып жатқан сәтін көруге болады.
Жазба астында Заттыбек Көпбосынұлы «Екеуінен дуэт күтесіздер ме?» деген сұрақ қойған.
Желі қолданушылары бұл көрініске түрлі пікір қалдырды.
Оқырмандардың бірі оларды қолдап, алдағы уақытта олардың бірлескен жұмысын асыға күтетіндерін жазса, енді бірі Сырым Исабаевтың жеке шығармашылығын жалғастырғаны дұрыс деп жазды.
«Бірігіп айтып керек жоқ, Сырым жалғыз айтқаны дұрыс, а то Гүльзира шығады менің балам көмектесті деп», «Алыстан сыйласқаны дұрыс», «Әрине, екеуінен дуэт күтеміз», «Қайраттың Сырымды көріп қуанып тұрғаны байқалады», «Сырымның жеке дауысы да өте жақсы», «Басқа әншімен дуэт болса да, Қайратпен емес», - деп пікір қалдырды.
Соңғы жаңалықтар