Екі әуе шара апатқа ұшырап, бір адам ажал құшты
472
Түркияның Каппадокия аймағындағы екі әуе шары апатқа ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Апат салдарынан бір әуе шарының пилоты қаза тауып, тағы 19 адам жарақат алды. Провинция губернаторы Мехмет Али Кумбузоғлу мәлімдегендей, шарлардың бірі Гөзлюкөй ауылы маңында қатты қонса, екіншісі Ихлара жазығының басқа бөлігінде құлап түскен. Шар себетінен құлап, шардың конструкциясы басып қалу салдарынан ауыр жарақат алған Түркия азаматы қайтыс болды.
Жарақат алғандардың басым бөлігі — индонезиялық туристер. Барлығы шұғыл түрде Ақсарай қаласындағы ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ауа райының күрт өзгеруі мен жел екпіні себеп болған.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...