Екібастұзда жүк көлігі тротуарда келе жатқан балалы әйелді қағып кетті (ВИДЕО)

01.06.2026 16:18 Әсел МҰРАТ
Екібастұзда жүк көлігі тротуарда келе жатқан балалы әйелді қағып кетті (ВИДЕО)
188
Фото: видеодан скрин

Павлодар облысы Екібастұз қаласында жаяу жүргіншілер жолында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.

ГАЗ көлігінің жүргізушісі тротуар үстімен артқа қарай қозғалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамай, қолында кішкентай баласы бар әйелді қағып кеткен. Соққы салдарынан ауыр жарақат алған зардап шегуші жедел түрде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан соң әйелдің денесінің бірнеше жері сынып, дене жарақаттарын алған. 

Дәрігерлер емделушінің жағдайын тұрақтандырғаннан кейін оны жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланып отыр және қажетті медициналық көмектің барлық түрі көрсетілуде.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Ал жүргізушінің көлігі уақытша айып тұрағына қойылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий