Экс-министр сыныптастарымен ауылдағы 40 жылдық кешке қатысты

Мамыр айының соңында мектеп бітіргендер 5, 10, 20, 30, 40, 50 жылдық мерейтойларын атап өтуде.
Осыған орай, желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың 40 жылдық кездесу кешіне қатысқан видеосы тарап жатыр.
Ажар Ғиниятқызы Батыс Қазақстан облысы Жанақала ауданына қарасты Көпжасар ауылында дүниеге келген. Ол осы ауылдағы Дина Нұрпейісова атындағы орта мектепті 1985 жылы тәмамдаған. Экс-министр туған ауылына арнайы барып, мектептегі сыныптастарымен бірге 40 жылдықты атап өтті. Айта кету керек, Ажар Ғиниятқызының сыныптастарының қатарында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Мұнайдар Балмолда да болған. Әлеуметтік желі қолданушылары кештің жылы атмосферасына оң баға беріп, «Керемет, қарапайым ауыл қызы», «Керемет көрініс», «Жарайсыз» деген пікірлер қалдырған.
Еске сала кетейік, Ажар Ғиният 2022 жылдың 11 қаңтарынан 2024 жылдың 6 ақпанына дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Қазіргі таңда ол Ұлттық балаларды оңалту орталығын басқарып отыр.
Соңғы жаңалықтар





