Елден шығарылады деген Шерзаттың әпкесі халықтан кешірім сұрады
Жақында «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, 15 тәулікке қамалып шыққан марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокат Мейірман Шекеев заңсыздықтар бар екенін айтып, Шерзат Болаттың әпкесін елде алып қалуға күш салатынын айтқан еді.
Мен өмірден өткен Нұрқанат пен Шерзаттың әпкесімін. Сіздерден артық кеткен жерім болса кешірім сұраймын. Екі бірдей бауырымнан айырылу маған да оңай емес. Сол күні ашу үстінде болдым. Мені түсінесіздер деп ойлаймын. Біреу қорқытып, айтқызып жатыр деп ойламаңыздар. Өз қатемді білемін. Керсінше қазақ еліне бас иемін. Қолдауларыңызға алғыс шексіз. Елден кетпес үшін дұға етіп жатқан кісілер бар екен. Мұндай қайғыны дұшпаныма да тілемеймін, - деді Бақыт Реимова журналист Жан Ахмадиевке берген сұхбатында.