Елге танымал актер 41 жасына қараған шағында көз жұмды

29.10.2025 12:23 Мөлдір Талғат
Елге танымал актер 41 жасына қараған шағында көз жұмды
0
522
Depositphotos.com

Ресейлік танымал актер Роман Попов 41 жасында өмірден өтті. Көпшілік оны «Полицейский с Рублёвки» телехикаясындағы аңғал да сүйкімді тергеуші Игорь Мухич рөлі арқылы жақсы таныған.

Тамыз айында актер жеті жыл бұрын қойылған ми ісігінің қайта пайда болғанын мәлімдеп, дертпен күресіп жүргенін ашық айтқан еді. Сол кезде ол оң көзінен айырылып, сол көзінің көру қабілеті төмендегенін және күнделікті өмірде жақындарының көмегіне мұқтаж екенін жеткізген. Қыркүйек айында ол химиотерапия курсынан өткен болатын.

Роман Попов өз кәсібіне адалдығымен, көрерменге қуаныш сыйлай білген жылы юморымен және табиғи харизмасымен есте қалды. Ол «Детективное агентство Мухича», «Девушки бывают разные», «Каникулы президента», «Любовь в нерабочие недели», «Бумеранг» және «Убить босса» сияқты фильмдер мен жобаларда да ойнаған.

Әріптестері мен көрермендері Поповты шыншыл, жарқын мінезді әрі талантты комедиялық актер ретінде еске алып, оның бейнесі көрермен жүрегінде мәңгі сақталатынын жазып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий