Елімізде танымал тағы бір блогер жазаланды

Елімізде танымал тағы бір блогер жазаланды
19.09.2025 21:26
0
87
Фото: instagram.com/justking31

Қазақстандық блогер Нұрбек Нұртаза Instagram-дағы заңсыз лотерея үшін 1,1 миллион теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Сауда және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне хат жолдаған. Себебі — Instagram-дағы Justking31 аккаунтында заңсыз лотерея ұйымдастырылған. Бұл аккаунт блогер Нұрбек Нұртазаға тиесілі.

«Белгілі болғандай, Justking31 парақшасында Алматы қаласындағы екі қабатты үйдің, сондай-ақ ақша мен смартфондардың ұтысы күн сайын өткізілген. Ұтысқа қатысу үшін Oilan Lab ЖШС-не тиесілі оқу курстарына 29 990 теңге төлеу қажет болған. Жеңімпазды таңдау кезінде “Поле чудес” жабдығы қолданылып, онда кездейсоқтық элементі бар», — делінген министрлік хабарламасында.

Аккаунт иесіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ол лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзды деп танылып, 300 АЕК (2025 жылы — 1 179 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Министрлік мәліметінше, аккаунт иесі кінәсін толық мойындап, айыппұлды төлеген.

Сонымен қатар, блогерлер Эльмира Толегенова мен Ерболат Жанабыловқа қатысты істер Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Сот олардың әрекеттерінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін анықтаған.

Атап айтқанда, сот шешіміне сәйкес Эльмира Толегенова іс жүзінде лотерея ұйымдастырған және оның әрекеттерінде заңсыз кәсіпкерлік белгілері де бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий