Елімізде зейнетақы қаражатын алу бойынша тағы бір тыйым енгізілді

12.12.2025 09:25 Әсел Мұрат
 Елімізде зейнетақы қаражатын алу бойынша тағы бір тыйым енгізілді
0
115
Фото: ашық дереккөз

Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын пластикалық отаға да қолдана алмайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

enpf-otbasy.kz порталында стоматология мен офтальмологияға бірыңғай зейнетақы қорындағы (БЗҚ) қаражатын пайдалану тоқтатылғаннан кейін қазақстандықтар пластикалық, реконструктивті және қалпына келтіру операцияларына жаппай өтініш бере бастаған. Әсіресе операциядан кейінгі тыртықтарды түзету мен туа біткен ақауларды коррекциялауға сұраныс күрт өскен.

Отбасы банктің мәліметінше, бұған дейін мұндай мақсатқа айына орта есеппен 16 өтініш түссе, қыркүйекте — 123, қазанда — 1 844, қарашада — 3 878-ге жеткен. Ал желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде 2 093 өтініш тіркелді. Желтоқсандағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрады.

Пластикалық операцияларға қызығушылықтың тым артуы БЗҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупін күшейткендіктен, Отбасы банк бұл бағыт бойынша өтінім қабылдауды 2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап тоқтатады. Қазір қаралуда тұрған 6 294 өтініш бұрынғы тәртіппен өңделеді.

Банк зейнетақы жинақтарын заңсыз айналымнан қорғау маңызды екенін атап өтті. Азаматтар жинақтарының бір бөлігін әрі қарай да өмірлік маңызы бар, бірақ қымбат медициналық қызметтерге пайдалана алады. Бұлар — сирек ауруларды емдеу, радионуклидтік және радиойод терапиясы, радиохирургия, протондық терапия. Сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қолдану мүмкіндігі сақталады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға зейнетақы жинағын көз емдеуге пайдалануға тыйым салынған болатын. 

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий