Елімізде жерлеу рәсімінің бағасы қымбаттап жатыр

Елімізде өлім-жітім деңгейі азайды. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 64,6 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға аз. Сондай-ақ жерлеу қызметтерінің көлемі де қысқарды. Мәселен кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер 2,5 млрд теңге табыс тапқан, ал былтыр көрсеткіш 2,9 млрд болған.
Energyprom.kz мәліметінше, ең көп қызмет Алматыда көрсетілген – 711 млн теңге. Одан кейін Қарағанды облысы – 695 млн теңге, Ақмола облысы – шамамен жарты миллиардты құрайды. Ең аз Ұлытау облысында, мұнда мыңға жетпейтін адам қайтыс болған.
Сұраныстың төмендегеніне қарамастан, жерлеу қызметтерінің бағасы өсіп жатыр. Бір жыл ішінде олар 6,6%-ға қымбаттаған.
«Қарағанды облысында баға 20%-ға өсті, Маңғыстауда – шамамен 11 %. Тек қана Жетісу облысында қыркүйек айында қызмет құны бірден 6,3 %-ға көтерілген», – делінген талдауда.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде жерлеу рәсіміне мемлекет шамамен 61 мың теңге, ал Өзбекстанда – 21 мың теңге бөледі.
Соңғы жаңалықтар





