"Эмбрион тасымалдап, дайындалдық": Ләйлә Сұлтанқызы Елдостың әке атануы туралы айтты

Желіде ұзақ уақыттан бері сәби сүйе алмай жүрген Елдос "Колобоктың" әке атанатыны туралы жаңалық тарады. Блогердің бұл қуанышына бірден бір себепкер болған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екен, деп хабарлайды POLITICO.KZ ozgeris.info cайтына сілтеме жасап.
"Мен ғана емес, халық болып бұл күнді жылдар бойы асыға күттік. Алланың мейірімі шексіз! "Мариям" қорының да үлесі зор. Қорымыз жұмысын бастай сала, қарапайым отбасылардан бөлек, бала сүйе алмай жүрген танымал жұптарға да кеңес беріп, көмектескім келді. Өзіміз кішігірім тізім жасаған едік... Ішінде Елдос пен әйелі де болды. Әйеліне өзім жаздым. Байланыстық, бірақ бірден іске кірісе алмадық. Әбден созылып кетті. Себебі оларда бәлкім сенімсіздік те болған шығар... Араға қаншама ай салып өздері байланысқа шықты", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Сөзінше, біріншісі нәтижесіз аяқталған.
"Ешкімге көрсетпей, клиниканың артқы есігінен кіргізіп, барынша құпия сақтап, қанша ай отаға, эмбрион тасымалына, жүктілікке дайындалдық. Бірақ өкінішке қарай біріншісі сәтсіз аяқталды. Жаратқанға шүкір осындай қуанышқа мені де себепші қылып қойған", - деді қуанышын жасыра алмаған тележүргізуші.
Соңғы жаңалықтар





