"Ең қиыны - сүйе алу": Фариза Төреәлі жазбасымен жұртты ойландырып қойды

23.09.2024
18:48
0
183
Отандық блогер Фариза Төреәлі жазбасымен жұртты ойландырып қойды. Ол бұл жолы адамды кемшілігімен бірге қабылдау жайында сөз қозғады.
Төреғали Төреәлінің қарындасы ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Сүйе алу. Сүйікті болғысы келеді әр адам. Сүйікті болу үшін де түрлі талап қоямыз ау.. сүймейді дейміз, ренжиміз, шарт көп, ыза тола, адамзатқа деген өкпеміз қара-қазандай. Ішің қара түнек, тіпті қара түтіннен ештеңе көрінбестей сәттің өзінде лап еткізіп жарықты жағуға да болады. Ол жарық не? Ненің сәулесі, нендей нұр? Махаббат қой. Махаббаттың нұры кез келген түнекті тесіп шығар жарық! Сенің жүрегіңде махаббат барда бәрін жеңіп шыға аласың. Сүйікті болу - оңай, ең қиыны - сүйе алу! Кіршіксіз сезіммен, таза көңілмен, шын ниетпен, ыстық ықыласпен, еш ережесіз сүю. Жарыңды, балаларыңды не жақындарыңды ғана емес, ең бірінші Раббыңды, Ол жаратқан бар адамзатын, жаратылыстың кем-кетігіне, күнә-сауабына, дұрыс-бұрыс әрекеттеріне қарамастан қабылдау. Баға бермеу, қабылдау. Ақиқатты, адам жүректердегіні ол ғана білетін болған соң сынау да, баға беру де біздің міндет емес", - деді ол.
Осы ретте блогер сүйе алу көп адамның қолынан оңайлықпен келмейтінін айтты.
"Кіршіксіз нәрсені сүю - оп-оңай, ол кіршіксіз ғой, мін таппайсың. Ал адам ше? Кіршіксіз адам жоқ емес пе.. Қиыны да сол - адамды қатесіне, сауабына қарамастан сүймек екен. Дәл қазір ой-елегінен көп өткізіп, амалға асыруға тырысып жүргенім де осы нәрсе - адамның ішіндегі гауһар тасты ештеңеге қарамай көре алу, оны табу. Жаман жаратылыс жоқ, жаратқан Алла болғанда қалайша біреуді алалап не бөлмекпіз? Әр адам ішінде - жарқырап тұратын нұры бар. Соны көру – біздің міндет. Ойымыздың бәрі нашар нәрселер болса, ондай асылды көру екіталай. Сүйе алу - тұстастай адамды қабылдау. Адам деп қарасақ қиналамыз, Алланың көркем жаратылысы деп қарасақ... бақыт деген осында",- деді ол. Мұны көрген желі оқырмандарының ойы сан-саққа жүгірді. Олар Фариза Төреәлінің жазбасының астына түрлі пікір жазып қалдырды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

25.08.2025
23:37
Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді

25.08.2025
22:14
Дариға Бадықова бауыры жайлы: «Ай сайын 1 милли...

25.08.2025
21:42
Руслан Берденов қызметінен босатылды

25.08.2025
19:11
Мадина Сәдуақасова Тұрсын мен Баян Алагөзовтерд...

25.08.2025
18:04
Майғазиевтің ұлы мен келіні бөлек тұра ма? Әнші...

25.08.2025
17:06
Тоқаев Денсаулық сақтау министрін қабылдады