Енді ауылдағы “тәртіпсіздерге” әкімдер жауап береді 

Енді ауылдағы “тәртіпсіздерге” әкімдер жауап береді 
15.10.2025 14:14
0
40

Бүгін Мәжілісте «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа заң жобасы қаралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Құжатта өңірдегі құқықтық тәртіпке әкімдердің жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. 

ЗАҢ ТУРАЛЫ

Бұрын ел ішіндегі тәртіпсіздікке, қылмысқа тек құқық қорғау органдары жауап беретін. Енді әкімдер іске кірісуі тиіс. Өйткені норма қабылданса қаптап жүрген ұрылар мен тәртіп бұзушылар үшін тікелей жауапты болады. 

ҚЫЛМЫС АЗАЙМАСА ӘКІМ ОРНЫН БОСАТА МА?

Ішкі істер министрі, әзірге, бұл сұраққа жауап бере алмады. Бірақ Заң жобасына сәйкес, енді ведомствоаралық комиссияның мүшелерін тікелей Президент бекітеді. Ал олардың жұмысының нәтижесі Ұлттық баяндамада көрініс табады.

Енді қоғамдық көмекшілерді барлық құқық қорғау органдары өз қатарына тарта алады. Яғни, құқық қорғау – енді барлығымыздың ортақ міндетіміз.

ӘР АУДАН - ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ

Әкімдер енді тек жол жөндетіп, субсидия таратумен шектелмейді. Қазір олар – шағын мемлекет басшысы. Ішкі істер, идеология, қауіпсіздік, қоғамдық тәрбие – бәрі бір адамның мойнында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий