«Енді мен еркінмін»: Партиялық тізімге енбей қалған Бақытжан Базарбек халыққа үндеу жасады
Құрылтайға ұсынылған партиялық тізімге енбеген Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде жазба жариялап, депутаттық қызметі барысында өзіне қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол VIII шақырылым Парламентінде үш жарым жыл бойы ел мен халыққа адал әрі принципшіл қызмет етуге бар күш-жігерін жұмсағанын атап өтті.
«Енді мен еркінмін және мен үшін жаңа кезең басталады. Бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Өмірдегі әрбір кезең – жолдың соңы емес, жаңа белесі», – деп жазды Бақытжан Базарбек.
Сондай-ақ экс-депутат өзіне сенім артқан және қолдау көрсеткен барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, олардың қолдауы өзіне әрдайым күш-қуат бергенін айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.11.2026
21:19
Шымкентте дәмхана келушілері мен күзетшілері жо...
23.11.2026
20:26
Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін э...
23.11.2026
18:30
«31 арна» Нұртілеу Жылқышыбаевты ақпараттық бағ...
23.11.2026
18:21
Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлық...
23.11.2026
18:08
Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
23.11.2026
17:01
«Студенттерге қысым көрсетіле ме»: Шекеев ҚазҰУ...