«Енді саясат туралы әзілдемесем»: Танымал әзілкеш саясат туралы күтпеген пікір айтты

21.08.2026 22:28 Қарақат АСЫЛОВА
«Енді саясат туралы әзілдемесем»:  Танымал әзілкеш саясат туралы күтпеген пікір айтты
172
Фото: NUR.kz

Қазақстандық стендап-комик Ғалым Қалиақбаров Астана мен Алматыдағы концерттерінің өтпей қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әзілкеш "Instagram" арқылы концерттеріне алаңдаған көрермендерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ Алматыдағы қойылымның не себепті тоқтатылғанын түсіндірді.

Қалиақбаровтың айтуынша, соңғы оқиғалардан кейін концерттерін өзі өткізбеу туралы шешім қабылдаған. Қазір ол депрессияға байланысты ем қабылдап жатқанын және әзірге сахнаға шығуға дайын емес екенін айтты.

Сонымен қатар ол Алматы әкімдігіне қатысты ешқандай өкпесі жоқ екенін жеткізді. Оның сөзінше, бұған дейін қала әкімдігі оның концерттерін өткізуге үнемі рұқсат беріп келген.

Әзілкеш Алматыдағы концертті өзі тоқтатқанын атап өтіп, осыған байланысты әкімдікке бағытталған жағымсыз пікірлер үшін кешірім сұрады.

«Ең өкініштісі – мен саясат туралы аса көп әзілдейтін адам емеспін. Бәлкім, енді бастармын», – деді Галым Калиакбаров.

Еске салайық, осы аптада Астанадағы Carlin мекемесінде стендап-комиктің өнер көрсетуі тоқтатылған еді. Іс-шара ұйымдастырушылары полицияға жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Войдите, чтобы оставить комментарий