Мас күйінде анасы мен қызын қағып өлтірген жүргізушіге сот шешімі жоқ

Мас күйінде анасы мен қызын қағып өлтірген жүргізушіге сот шешімі жоқ
Фото: видеодан скриншот

Өзбекстанның Сұрхандария облысында жаяу жүргіншілер өткелінде анасы мен кішкентай қызын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 25 шілде күні сағат 21:30 шамасында Ұзын ауданында болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан жоғары жылдамдықпен келе жатқан көліктің жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын қағып кеткенін көруге болады. Апаттан кейін жүргізуші зардап шеккендерге көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол апаты салдарынан анасы мен оның кішкентай қызы оқиға орнында көз жұмды, ал ұлы ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы туралы құқық қорғау органдары мәлімет берген жоқ.

Тергеу барысында көлікті алкогольдік мас күйдегі 31 жастағы ер адам басқарғаны және оның сағатына шамамен 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргені анықталды.

Сот үкімімен айыпталушы 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жазасын өтеп шыққаннан кейін де үш жыл бойы көлік басқару құқығынан айырылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу