Енем менің сырласым, кейде тіпті «сіз» деп сөйлейді – Маржан Арапбаева

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Маржан Арапбаева жуырда берген сұхбатында жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ол өз сөзінде анасынан гөрі енесіне жақынырақ екенін айтып, көпшілікке тосын әсер қалдырды. Әншінің айтуынша, енесімен арақатынасы өте жылы әрі сенімді. Енесі оған құрбысы секілді қарап, ешқашан міндет жүктемейді немесе қысым көрсетпейді. Керісінше, кейбір жағдайларда тіпті «Сіз» деп сөйлейтінін айтып, мұндай сәттерде өзін ыңғайсыз сезінетінін жасырмады.
Маржан Арапбаева енесі мен қайын атасының өте мәдениетті әрі білімді адамдар екенін де ерекше атап өтті. Енесі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ал қайын атасы ұзақ жылдар бойы мектеп директоры қызметін атқарған тәжірибелі математик. Олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттері әншіге үлкен әсер еткен.
Әншінің айтуынша, енесі сыртқы келбетке ерекше мән береді және әрдайым әдемі болып жүруді ұнатады. Ол Маржан Арапбаеваны келінім деп мақтанып, көпшілік алдында өзін соған сай ұстауға тырысады. «Енем әдемі киініп, ортаға шыққанда “мен Маржан Арапбаеваның енесімін, соған сай болуым керек” дейді», – деп әнші шынайы ықыласпен бөлісті.
Маржан Арапбаеваның бұл сұхбаты қазіргі қоғамда жиі кездесетін келін мен ене арасындағы қиындықтарға қарама-қарсы, сыйластық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың жарқын үлгісі ретінде қабылданды.
Сіздің реакцияңыз?
Соңғы жаңалықтар





