Энергетика министрі қанша жалақы алатынын айтты

Энергетика министрі қанша жалақы алатынын айтты
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ерлан Ақкенженов

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жалақысы мен жылдық табысын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Министр декларацияда табыс ретінде жалақысын ғана көрсеткен. 

«Өткен жылда жалақы менің жалғыз табыс көзім болды. Қосымша табысым жоқ. Бір айлық жалақым – 1,2 млн теңге. Арасында сыйақылар бар. Соларды есептегенде жылдық табысым 20 миллионнан сәл асады», – дейді министр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу