Энергетикалық сусындар харам ба?
522
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұтынуға рұқсат етілген энергетикалық сусындар туралы айтты.
Энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып бөлінеді. Егер сусынның құрамында алкоголь, зиянды немесе тыйым салынған заттар болмаса, оны тұтынуға рұқсат. Десе де басқарма адам денсаулығына зиянды компоненттері бар сусындар да атап өтті.
“Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да, оны ішуге тыйым салынады. Пайғамбарымыз “Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам” деп айтқан”, – делінген хабарламада.
Мүфтият энергетикалық сусындарды жиі тұтыну денсаулыққа теріс әсер ететінін медициналық зерттеулер растайтынын алға тартады.
“Энергетикалық сусындарды жиі қолдану (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне әкеліп соғады. Сондықтан мұсылмандарға мұндай сусындардан бас тарту ұсынылады”, – деп мәлімдеді мүфтият.
Фото: pixabay.com
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
10:34
Тоқаев Ресеймен ынтымақтастықта «Солтүстік Оңтү...
09.10.2026
10:26
«Айына 50 мың теңге табамыз»: Оралда қоқыс поли...
09.10.2026
10:25
"Шектен шықты": Жігер Ауыпбаев пен жұбайының Ti...
09.10.2026
10:23
«Енді ана бола алмаймын»: ақтөбелік әйел тіс дә...
09.10.2026
09:57
«3 сағат қана ұйықтайтынбыз, қазіргі жастар те...
09.10.2026
09:32
Павлодар облысында мәйіттер жылдар бойы сақталғ...