Ер адам 14 жастағы туған қызын әйелінің көзінше зорлап, жүкті қылған

Германияда 40 жастағы Антонио Т. және оның 30 жастағы әйелі Ева С. есімді ерлі-зайыптылар кәмелетке толмағандарды зорлау, балаларға қатыгездікпен қарау және балалар порнографиясын жасау айыптары бойынша сот алдына шығады. Бұл туралы Bild басылымы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, ерлі-зайыптылардың құрбандарының бірі – ер адамның жасөспірім қызы. Прокурорлардың айтуынша, ер адам қызын бірнеше рет өгей анасының көзінше зорлаған. Әйел бұл сәттерді камераға түсіріп отырған. Ал 14 жасында қыз тағы бір зорлық оқиғасынан кейін жүкті болған.
Жәбірленушінің биологиялық анасы сотта сөйлеген сөзінде қызы тоғыз жыл бұрын әкесінің тарапынан болған қудалау туралы айтуға тырысқанын, бірақ оған ешкім сенбегенін мәлімдеді.
«Дәлелдер болмады. Менен басқа ешкім оған сенбеді», – деп өкінді әйел. Ол сондай-ақ сол кезде оның бұрынғы күйеуінің отбасын қамқорлық органдары тексергенін, бірақ ешқандай заңбұзушылық анықталмағанын айтты.
Сот ерлі-зайыптылардың 2016 жылы дүниеге келген ортақ қызы да зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін деп болжайды.
Соңғы жаңалықтар





