Ер адам 6 жастағы қызынан пәтерақы төлеуді талап етіп, елді шошытты

Ер адам 6 жастағы қызынан пәтерақы төлеуді талап етіп, елді шошытты
13.08.2025 16:04
0
282
pixabay.com

Американдық Майкл Мэдден 6 жасар қызы Роузға қаржылық сауаттылықты үйрету мақсатында «пәтерақы» мен коммуналдық төлемдерді төлетіп отыр. Қыз бала үй шаруасына көмектесіп, ақша табады. Алайда алған табысының 20%-ын «үй жалдауға» жұмсауға міндетті.

Майклдың айтуынша, бұл әдіс – баланы ақшаны дұрыс басқаруға үйретудің тиімді жолы. Роуз тісін ескерусіз тазалағаны немесе үй жинауға көмектескені үшін ұпай жинап, ақша табады. Ал табысының бір бөлігі «міндетті төлемдерге» кетеді, қалғанын қалауы бойынша жұмсайды немесе жинақтайды.

Майкл бұл жүйені TikTok желісінде бөлісіп, басқа ата-аналарды да балаларын қаржылық сауаттылыққа ерте үйретуге шақыруда. Оның айтуынша, Роуз қазірдің өзінде ақшаның құндылығын түсіне бастады және саналы қаржылық шешімдер қабылдауға үйреніп келеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий