Ер адам ақшаға бола досын өлтіріп, денесін көлікпен бірге өртеп жіберді

Ер адам ақшаға бола досын өлтіріп, денесін көлікпен бірге өртеп жіберді
14.05.2025 14:10
0
118
Фото: freepik.com

Өзбекстанда қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ферғана облысының тұрғыны досын айуандықпен өлтірді. 

Тергеу мәліметінше, Ферғана облысының екі тұрғыны арасында ұзаққа созылған дау туған. Жәбірленуші досының кесірінен түзету жұмыстарына тартылған. Осыдан кейін ол досынан кеткен шығынды өтеуді талап етіп, 150 доллар (шамамен 76 мың теңге) сұраған. Айыпталушы бұл соманы төлегенімен, көп ұзамай жәбірленуші тағы да ақша талап етіп, бұл жолы несиесін жабу үшін 4 миллион сум (шамамен 157 мың теңге) сұраған. Бұл әрекет айыпталушыны ашуландырып, ол белгісіз сылтаумен досын елсіз жерге апарып, кеуде тұсына бірнеше рет пышақ салған.

Қылмыстың ізін жасыру үшін ол марқұмның денесін өзінің "Лабо" маркалы көлігіне салып, қасына автокөлік доңғалақтарын, отын мен бензин алып, ашық алаңға апарып өртеп жіберген.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 97-бабы (Адам өлтіру) және 134-бабы (Марқұмның денесін қорлау) бойынша кінәлі деп таныды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий