Ер адам да, әйел де өзінің шыдамдылық дәрежесін білмейді – Сабина Алтынбекова

Ер адам да, әйел де өзінің шыдамдылық дәрежесін білмейді – Сабина Алтынбекова
14.04.2025 17:51
0
111
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова өзінің Instagram парақшасында өмірлік қиындықтар мен адамның шыдамдылық деңгейі туралы ойымен бөлісті. Ол жазбасында әр адам өзін сынаққа түспейінше шынымен қаншалықты мықты екенін білмейтінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Ешбір ер адам да, ешбір әйел де өзінің шыдамдылық дәрежесін сынаққа түспейінше білмейді. Мыңдаған адам өмір сүріп, ешқашан құздың жиегіне келмегені үшін ғана құрметке ие болып жүреді. Ал жар шетінде тұрмай-ақ жақсы болу – кез келгеннің қолынан келеді», – деп жазды Алтынбекова.

Сабина бұл жазбасымен көпшілікті рухтандырып, ішкі күш пен төзімділікті бағалауға үндеді. Ол сондай-ақ жаттығудан кейін түсірілген қара-ақ түсті фотосуретін де жариялады, бұл фотосурет жазбаның мағынасын айқындай түседі.

Әлеуметтік желідегі оқырмандары спортшының терең мағыналы жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий