Ер адам супермаркетте әйелді бірнеше сағат бойы кепілде ұстап отыр

11.07.2026 • 11:32 Қарақат АСЫЛОВА
Ер адам супермаркетте әйелді бірнеше сағат бойы кепілде ұстап отыр
689

Германия астанасы Берлинде ер адам супермаркетте әйелді кепілге алып, бірнеше сағат бойы босатпай отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 10 шілде күні кешке қаланың Мариенфельде ауданындағы Rewe супермаркетінде болған.

Полицияның мәліметінше, күдікті әйелді жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында кепілге алған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізіп, күдіктімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Полиция өкілі Штефан Петерсен-Шюманнның айтуынша, әзірге қылмыстың нақты себебі белгісіз. Оқиға орны толық қоршауға алынып, арнайы жасақ, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылған.

БАҚ мәліметінше, оқиға кезінде супермаркет ішінде бірнеше қызметкер болған. Таңертең полицейлер ғимараттың ішіндегі жағдайды бақылау үшін арнайы баспалдақ пайдаланған.

Қазіргі уақытта кепілдегі әйелдің жағдайы мен операцияның нәтижесі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий