Ер адам сүйіктісін өлтіріп, денесін чемоданға салып жол жиегіне тастап кеткен

Ер адам сүйіктісін өлтіріп, денесін чемоданға салып жол жиегіне тастап кеткен
03.10.2025 13:11
0
182
видеодан алынған кадр

Стамбулда қызғанышқа бой алдырған ер адам сүйіктісін өлтірді. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, Джемаль есімді азамат өзінің 22 жастағы сүйіктісі Айшемен бірге пәтерде отырып, қарым-қатынастары туралы әңгіме қозғаған. Әңгіме барысында қыз қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқанда, арада жанжал шығып, ер адам пәтердің есігін жауып, «ешқайда шықпайсың» деп мәлімдеген.

Ашуға булыққан Джемаль қолына пышақ алып, бойжеткенді өлтірген. Кейін ол марқұмның денесін екі бүктеп, чемоданға салған. Қараңғы түскен соң такси шақырып, денені чемоданмен бірге көлікке тиеп, бірнеше шақырым жүріп барған соң жол жиегіне тастап кеткен.

Кейін қылмыскер ұсталды. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Камерадан ер адамның чемоданды таксиге тиеп жатқан сәті анық көрінеді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий