Ер адам туған қызын қатыгездікпен өлтіріп тастады

Ер адам туған қызын қатыгездікпен өлтіріп тастады
20.06.2025 11:05
0
216
ашық дереккөзден

Баку қаласының Сабунчи ауданындағы Забрат кентінде болған қайғылы оқиға жұртты есеңгіретіп тастады. Өз туған қызын аса қатыгездікпен өлтірген ер адам — Ельмар Атакишиев (1962 ж.т.) — 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстың себептері мен жағдайы

Тергеу материалдарына сәйкес, түрмеде отырған кезінде Ельмар Атакишиев қызы Джамаля Атакишиеваның «жезөкшелікпен айналысып жүргенін» естіген. Түрмеден шыққаннан кейін ол қызын аңдыған.

Бірінші рет ол қызын тіс дәрігерінің кабинетіне дейін бақылап барып, оны ашық киінген күйде көріп, сол жерде соққыға жыққан. Кейін Ельмар оның екінші телефоны бар деген күдікке ілінеді, алайда Джамаля бұны мойындамайды.

Өлімге апарған жанжал

Қыз Сумғайыт қаласына құрбысына барғысы келетінін айтқанда, әкесі бірге баруға ниет білдіреді. Алайда қызы қарсы болған. Осы кезде үйде жанжал шығып, ер адам қыздың сөмкесін тартып алып, ішінен екінші телефонды көріп, ашуға булығып, Джамалияны аяусыз ұрып-соғады.

Қыз есінен танып қалады. Ельмар үйден кетіп, отбасы мүшелеріне жедел жәрдем шақырмауды бұйырады. Бірақ туыстары қыздың аузынан қан ағып жатқанын көріп, жедел жәрдемге хабарласқан. Дәрігерлер келгенде Джамалия Атакишиеваның қайтыс болғаны анықталған.

Сот шешімі

Бакудің ауыр қылмыстар жөніндегі соты Ельмар Атакишиевті кінәлі деп танып, 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий