Ер адам жолда ес-түссіз жатқан әйелді зорлап тастады

Ер адам жолда ес-түссіз жатқан әйелді зорлап тастады
18.08.2025 10:18
0
1129
ашық дереккөз

АҚШ-тың Теннесси штатына қарасты Нэшвилл қаласында шіркеу маңында есінен танып қалған әйелге жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетілді.

Бұл туралы People басылымы жазды.

Оқиға 14 тамыз күні кешкі уақытта шіркеу ғимаратының алдында орын алған. Полицияның мәліметінше, шамамен сағат 21:30 шамасында өрт сөндірушілер жолда кетіп бара жатып, жерде жатқан әйелдің шалбарын шешуге тырысып жатқан бейтаныс ер адамды байқап қалған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, жәбірленуші ішімдік ішкен күйде болған. Бақылау камераларындағы жазбадан әйелдің тепе-теңдігін сақтай алмай, шіркеу алдындағы баспалдаққа отырғаны көрінеді. Артынша күдікті оның жанына келіп, әйел есін жиған сәттерінде оны бірнеше рет ұстаған. Әйел қарсылық көрсетуге тырысқанымен, шамасы жетпеген. Кейін ер адам оны жерге жатқызып, жыныстық зорлық көрсеткен.

Зардап шеккен әйел дереу Вандербильт университетінің медицина орталығына жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Қазіргі таңда оның жеке басы анықталып жатыр, себебі оқиға орнында құжаттары болмаған.

39 жастағы Мохамед Мохамед есімді күдікті өрт сөндірушілер тарапынан ұсталып, полицияға тапсырылған. Ол тергеу барысында жауап беруден бас тартқан және қамауға алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий