Ер адамның ішегінен 50 жыл бойы тұрған 17 сантиметрлік тіс щеткасы алынды

Ер адамның ішегінен 50 жыл бойы тұрған 17 сантиметрлік тіс щеткасы алынды
25.06.2025 10:08
0
670
ашық дереккөзден

Қытайда дәрігерлер 64 жастағы ер адамның ішегінен ұзындығы 17 сантиметрлік тіс щеткасын алып шықты. Ерекше оқиға елдің Аньхой провинциясында тіркелген. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

Пациент ауруханаға іштегі жайсыздық пен ауырсынуға шағымданып барған. Медициналық тексеру барысында дәрігерлер оның ішегінде бөгде зат бар екенін анықтаған. Ер адамның айтуынша, ол тіс щеткасын 12 жасында байқамай жұтып қойған, бірақ қорыққанынан ересектерге айтпаған. Ол щетканың уақыт өте өздігінен ыдырап кететініне сенген және ешқандай шара қабылдамаған. Ұзақ уақыт бойы бөгде зат ешқандай қолайсыздық тудырмағанымен, соңғы кезде пациенттің денсаулығына кері әсер ете бастаған.

Операция эндоскопиялық әдіспен жүргізіліп, шамамен 80 минутқа созылған. Дәрігерлер ұзындығы 17 сантиметр болатын щетканы ешқандай асқынусыз алып шықты. Клиниканың хабарлауынша, бұл олардың тәжірибесінде науқастың денесінен алынған ең ұзын бөгде зат болып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий