"Астана" – "Челси" матчы: Ерболат Досаев қар жауған стадион жайлы пікір білдірді
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Астана" – "Челси" матчы кезінде қар жауған трибуналарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әкім брифинг барысында туристер тарапынан ешқандай шағым түспегенін және УЕФА ұйымы да ешқандай мәселе көтермегенін айтты.
"Естеріңізде болса, біз кешірім сұрадық. Туристер тарапынан барлығы қалыпты болды. УЕФА немесе командалар тарапынан стадионға қатысты ешқандай шағым болған жоқ", – деді ол.
Ерболат Досаев сондай-ақ орталық стадионның 1957 жылы салынғанын және оның реконструкциясы келесі жылы басталатынын айтты.
"Бүгінде жаңа ЕРС-келісімшарт жүйесіне сәйкес ("толық аяқтау". – Авт.) даму концепциясы бекітілді. Бұл бізге еуропалық және әлемдік деңгейдегі үлкен кубоктарды өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мен орталық стадионның басшылығына қосымша қызмет көрсететін компанияларды тартуды сұрадым", – деді әкім.
Реконструкциядан кейін стадион жабық болады және 32 мың көрерменді сыйғыза алады деп жоспарланып отыр.