«Еркекті ез қылдыратын мінез бар»: Мөлдір Анарбаева қазақ келіндерінің образы жайлы өткір пікір айтты

04.12.2025 13:57 Айсұлу Мұрат
«Еркекті ез қылдыратын мінез бар»: Мөлдір Анарбаева қазақ келіндерінің образы жайлы өткір пікір айтты
0
87
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Анарбаева

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева қазақ қоғамындағы кейбір келіндердің мінез-құлқына қатысты ашық пікір білдіріп, көпшіліктің қызу талқысына себеп болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Блогер өз ойымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, «бәдік мінезді», дау мен даңққа әуес келіндерді қатаң сынға алған.

Оның айтуынша, бүгінде “келіннің заңды білуін”, “бетке айтқыштығын” жетістік санап, соны мақтаныш көретін түсінік қалыптасып барады. Алайда мұндай әрекет адамдық қасиетті емес, керісінше ұят пен әдептің жұтаңдығын көрсетеді.

«Мектепті тік тұрғыздым, мемлекеттік мекемеге барып айқай салдым дегеннен қандай абырой таптың? Ондай мінез тек “пәлеқор әйел” деген атақ әкеледі. Ұят, сабыр, ар, кішілік қайда қалды?» – деп жазады ол.

Мөлдір Анарбаеваның сөзінше, барған жерінің берекесін қашырып, дау-дамаймен танылу — жетістік емес. Ал үлкенге құрмет көрсетіп, сабыр сақтаған келін туралы жақсы сөз жер қойнына кірсе де өшпей, ізгі амал болып қалмақ.

Блогер ашуға берілудің, білмей тұрып заңмен қорқытудың қоғамға да, отбасыға да зиян екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бала тәрбиесінің ананың сана-сезімімен тікелей байланысты екенін еске салып, әйелдерді парасат пен пайымға шақырды.

«Адамда екі көз бар: бірі баста, екіншісі жүректе. Енді сол жүректің көзін ашайық», – деп түйіндеді ол.

Желідегі бұл жазба қоғамдағы келін мен отбасы мәдениеті туралы пікірталасты қайта жандандырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий