Еркеш Хасен бұрынғы жары туралы: «Арқасынан пышақ сұққым келмейді
Әнші Еркеш Хасен соңғы уақытта өзіне қатысты тараған әңгімелерге алғаш рет пікір білдіріп, неге ұзақ уақыт үнсіз қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, түрлі алыпқашпа сөздер мен айыптауларға жауап бермеуінің басты себебі – қызының болашағы мен психологиялық жағдайы болған.
«Маған қатысты айтылғандардың көбі шындыққа жанаспайды. Бірақ ең ауыр тигені – қызым туралы пікірлер. Ертең қызым өсіп, әкесінің камера алдында біреулермен айтысып, жылап отырғанын көрмеуі керек. Мен оның алдында абыройымды сақтап қалғым келеді», – деді әнші.
Сондай-ақ Еркеш Хасен бұрынғы жұбайы туралы да ашық айтты. Оның сөзінше, ажырасқаннан кейін де баласының анасына тіл тигізіп, жеке өмірдегі мәселелерді көпшілікке жариялауды дұрыс көрмеген.
«Біз бірге тек қиындық емес, жақсы күндерді де өткіздік. Сондықтан өткен өмірімді жоққа шығарып, баламның анасы туралы жағымсыз пікір айтқым келмейді. Ол көтере алмайтын ауыр сөздерді айтудан да саналы түрде бас тарттым», – деді ол.
Әнші отбасы мәселесін қоғам алдында талқылау ешкімге пайда әкелмейтінін айтып, қандай жағдайда да қызының мүддесін бәрінен жоғары қоятынын жеткізді. Оның пікірінше, нағыз ер азамат ашумен емес, сабырмен әрекет етуі керек.
Соңғы жаңалықтар