Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге автокөлік сыйлады
1282
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев жас әріптесі Еркеш Хасенге ерекше сый жасап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл оқиға «Көвер шоу» бағдарламасының түсірілімінен кейін болған. Бағдарлама аяқталған соң Мейрамбек Беспаев Еркештен үйіне қалай қайтатынын сұраған. Жас әнші таксимен кететінін айтқанда, бұл жауап өнер иесіне әсер еткен.
Келесі күні Мейрамбек Беспаев әріптесін арнайы шақырып, оған көлік алу үшін қаржылай көмек көрсеткісі келетінін жеткізген.
Көп ұзамай ол уәдесінде тұрып, Еркеш Хасеннің есепшотына қажетті қаражатты аударған. Нәтижесінде жас әнші жаңа автокөлік сатып алып, қуанышын әлеуметтік желіде бөлісті.
Еркеш Хасен бұл сыйдың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтып, аға буын өкілінің кеңпейілдігіне алғыс білдірді.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
23:32
Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы киножоба...
06.10.2026
23:28
Аптасына екі, жылына 120 кітап оқимын — Айдос С...
06.10.2026
23:17
Айдос Сарым: Билікті қатты сынап жүргендердің о...
06.10.2026
23:00
Блогер Дастан Мұхамедрахым: Менің үйім де, көлі...
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын
06.10.2026
21:49
Дастан Мұхамедрахым: Маңғыстаудікіндей табиғат ...