Ерлі-зайыпты балгердің арқасында 926 млн теңге ұтып алды
Малайзияның Пенанг штатында тұратын ерлі-зайыпты лотереядан 8,1 миллион ринггит, шамамен 926 миллион теңге ұтып алды. Оларға мұндай сәттілікке жетуге балгер әйел көмектескен, деп хабарлайды Politico.kz.
Mothership басылымының хабарлауынша, Эйр-Итам қаласының тұрғындары қытайлық көріпкелдің ақылына сүйенген. Көріпкел оларға өз өмірлерімен тығыз байланысты сандарды таңдауды ұсыныпты. Осыдан соң ерлі-зайыпты жеке куәліктеріндегі цифрларды белгілеп, көп ұзамай миллионер атанғандарын білген.
Отағасы мұндай ірі ұтысқа бірден сенбей, нәтижені арнайы қосымшадан бірнеше рет тексергенін, тіпті мұны түс деп ойлап қалғанын айтады.
Ер адам кенеттен келген байлыққа қарамастан, есепші қызметін тастамайтынын білдірді. Ал оның жұбайы зейнетке шығуды жоспарлап отыр. Ерлі-зайыпты ұтыс қаражатының бір бөлігімен қарыздарын жауып, қалғанына көптен бері армандап жүрген үлкен саяхатқа жұмсамақ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды