«Ешкімге айтпап едік, құдағиымыз келіп алды»: Гүлзира Айдарбекова ренішін жеткізді

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы, әнші Заңғар Нұртас алғаш рет әке атанды. Көптен күткен қуанышты жаңалықты Гүлзира Айдарбекованың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жаңа туған немересін алғаш рет қолына алған сәтін көрсеткен видео жариялады.
Видеода продюсердің қуанышы мен толқынысы айқын байқалады. Ол бұл күнді отбасы үшін ерекше әрі қуанышты сәт деп атап өтті. Дегенмен, Гүлзира Айдарбекова видео барысында сәл ренішін де білдіріп, шақыртусыз келген адамдарға ескерту жасады.
«Бізде бүгін үлкен той. Нәрестеміз әлі кішкентай деп ешкімге айтпап едік, құдағиымыз келіп алды», – деді ол.
Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың бұл сөзін түсіністікпен қабылдап, жас ата-анаға жылы лебіздерін жаудырды. Оқырмандар продюсерді әже атанғанымен құттықтап, нәрестеге зор денсаулық пен бақыт тіледі.
Айта кетейік, Заңғар Нұртас пен жұбайы 2021 жылы шаңырақ көтерген болатын. Енді өнерлі әулет жаңа өмір есігін ашқан сәбимен толықты.
Соңғы жаңалықтар





