“Фариза, оралшы“. Әйелімен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген жылап қалды

“Фариза, оралшы“. Әйелімен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген жылап қалды
20.01.2025 14:01
0
126
коллаж politico.kz

Әйелімен ажырасып кеткен актер Нұрсұлтан Жақсыген әйелін сағынатынын айтты. Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

Ол отбасындағы түсініспеушіліктің арты осындай болатынын күтпгенін мәлімдеді.

"Біз бақытты отбасы болдық. Бір түсініспеушіліктен осылай болып кетеді деп ойламадым. Кейде кінәні өзімнен де бар деп ойлаймын. Күні-түні түсірілімде боламын, үйге кеш келемін. Әйеліме көп көңіл бөле алмадым. Ол үйде ата-анам мен бала-шағаны қарайды. Сол сәттерде жанына медет бола алмағаным да бар шығар. Соның бәрі Фаризаның (әйелі - еск.) ішінде жинала берген болар. Бәрі бір күнде атылып шыққанда мен де түсінбей қалдым. Соңы осылай болып кетеді деп ойламаппын. Мен қазір бөлек пәтерге көшіп кеттім. Үлкен үйде ата-анам ғана қалды. Арасында барып тұрамын, бірақ ол үйдің әр бұрышына қараған сайын жүрегім ауырады. Әр бөлмеде балаларымның сыңғырлаған күлкісі естіліп, жанымды жаралайды. Бұрынғыдай жұмыстан күтіп алатын, шайымды беретін, шүйіркелесіп әңгіме айтатын жарым да жоқ. Әр бұрыштан әр сәт есіме түсіп, жанымды жегідей жейді. Өте ауыр. Ажырасу - кіші өлім ғой. Фариза қазір Астанада. Екі рет барып сөйлесіп көрдім. Екеуінде де бетімді қайтарды. Балаларыңды көріп тұр, бірақ енді қосылмайық дегенге келтірді", - деді ол көзіне жас алып. 

Нұрсұлтан Жақсыген сұхбат барысын пайдаланып, әйелі Фаризаға жан тебіренісін жеткізді. 

"Фариза, егер мені көріп отырған болсаң, отбасы тек екеумізге керек екенін айтқым келеді. Ер кезегі үшке дейін дейді ғой. Елдің сөзіне мән берме. Балаларымыздың бақыты үшін бірге болуымыз керек. Оралшы!", - деді актер. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или