Фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды

25.12.2025 11:17 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды
0
200
Фото: әлеуметтік желі. Суретте: Ұлдана Мырзуан

Бүгін Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

«Біз Ұлдананың жадына басымызды иеміз. Оның әрекеті – шынайы батылдықтың, адалдықтың және жоғары біліктіліктің мысалы», - деп жазды денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ұлдана туралы естелік ол оқыған медициналық колледждің қабырғасында сақталады – аудиториялардың біріне оның есімі беріледі.
Еске салайық, 8 қараша күні Астанада көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер блогы опырылып түсті. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, олардың ішінде жедел жәрдемнің екі фельдшері болған.

23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан 8 қарашадан бастап жансақтау бөлімінде жатты және ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды. 

Марқұм болған елордалық жедел жәрдем станциясының 23 жастағы фельдшері Ұлдана Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий