Financial Times: Зеленский АҚШ-тың қаржы министріне айқайлады

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессентпен қатты дауласқан, деп хабарлайды The Financial Times.
The Financial Times деректеріне сүйенсек, Киевтегі кездесуде Зеленский Бессентке дауыс көтерген. Журналистердің мәліметінше, келіссөздер барысында Зеленскийдің ашулы дауысы кеңсе есігінен естілген.
Келіссөздердегі басты қайшылық – АҚШ-тың Украинаға қойған шарттары. Вашингтон Киевке әскери көмек ретінде бөлінген $500 млрд соманы қайтару үшін Украинаның сирек кездесетін минералдары мен стратегиялық ресурстарының 50%-ын беруді талап еткен.
Зеленский бұл талапты қабылдаудан бас тартты.
"Біз гранттарды қарыз ретінде мойындамауымыз керек. Бұл кімге ұнаса да, ұнамаса да, біздің ұстанымымыз осындай", – деп мәлімдеді Украина президенті.
Сонымен қатар, Зеленский АҚШ-тың бұл келісімді дереу бекіту талабына қарсы шықты. Украина тарапы мұндай маңызды шешімді халықаралық деңгейде талқылау қажеттігін айтты.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, Зеленский мен Бессент арасындағы шиеленіс Вашингтон мен Киев арасындағы қарым-қатынасты одан әрі күрделендіруі мүмкін.
Бұл даулы жағдай Украинаның АҚШ-тан тәуелсіз саяси шешімдер қабылдауға талпынысын көрсетеді, алайда Вашингтон тарапынан қысымның күшейгенін де аңғартады.
Соңғы жаңалықтар





