Гинеколог 94 емделушіге жыныстық зорлық көрсеткені үшін сотталды

Гинеколог 94 емделушіге жыныстық зорлық көрсеткені үшін  сотталды
07.06.2025 12:09
0
376
ашық дереккөз

Норвегияда 55 жастағы гинеколог Арне Бай 2004 жылдан 2022 жылға дейін 94 әйелге жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 21 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот оны зорлау, сексуалдық қысым көрсету және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша айыпты деп таныды.

Бұл туралы hln.be басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша, Арне Бай 70 жағдай бойынша зорлау және жыныстық қысым көрсету, ал 82 эпизод бойынша қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Барлығы 94 әйел жәбірленуші ретінде полицияға арызданған.

Гинекологиялық тексерулер кезінде дәрігер медициналық тұрғыда негізделмеген бөгде заттарды қолданған, бұл Норвегия заңнамасына сәйкес зорлау ретінде бағаланады. Ол өз әрекеттерін бейнетаспаға жазып отырған.

Айыпталушының қорғаушылары жаза мерзімін 17-18 жылға дейін қысқартуды сұраған. Олар тек кейбір айыптаулармен келісетінін алға тартты. Алайда сот "дәрігердің әрекеттері мүлде ақталмайды" деп, прокурор сұраған 21 жылдық жазаны толық мақұлдады.

Арне Бай тек 20 эпизод бойынша кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ол үкімге шағымдану-шалғымданбау мәселесін қарастыруда.

Сот үкіміне сәйкес, ол өмір бойы медицина саласында жұмыс істеу құқығынан айырылып, барлық жәбірленушілерге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий