Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды

Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды
02.05.2025 19:04
0
53
Фото: әлеуметтік желі

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, даңқты боксшы Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Дмитриев өмірден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Боксшы ұстазының отбасына көңіл айтты.

Ұлттық олимпиада комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын.Бұл – бүкіл спорт қауымдастығы үшін ғана емес, оның шәкірті ретінде мен үшін де ауыр қаза. Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді.Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және әрбір спортшыға ерекше көзқараспен қарай білуі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір дарынды спортшылар буынын тәрбиелеп шығарды.Орын толмас ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, - делінген көңіл айту жеделхатында.

malim.kz мәліметінше, Виктор Дмитриев 1953 жылы 26 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әскер қатарында борышын өтеген соң, тау-кен техникумында білім алып, Костенко атындағы шахтада жұмыс істеген. Кейін Қарағанды педагогикалық институтының «Дене шынықтыру» факультетін тәмамдап, кәсіптік-техникалық училищеде ұстаздық етті. 1987 жылдан бастап жаттықтырушылық қызметке бет бұрды – әуелі «Еңбек резервтері» спорт қоғамында, кейін Қарағандының бірқатар спорт ұйымдарында еңбек етті.

Виктор Константинович 40 жылдан астам өмірін жастарды жаттықтыруға арнады. Ол 10-нан астам Қазақстанның спорт шеберін, 20 спорт шеберлігіне үміткерді тәрбиеледі. Шәкірттері республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінді. Алайда бапкер еңбегінің басты жемісі – әлем чемпионы Геннадий Головкиннің спорт жолының бастауында тұрғаны сөзсіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий