Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды
584
2 қазанда Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, жұбайының өзіне дене жарақатын келтіріп, қорқытқанын хабарлаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Жетісу облысы полициясының мәліметінше, тәртіп сақшылары шақырту түскен мекенжайға жедел жетіп, ер адамды ұстады. Одан пневматикалық қару тәркіленген.
Аталған факті бойынша дене жарақатын келтіру және қорқыту деректерімен қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды. Оларға қажетті көмек көрсетілген.
Полиция мәліметінше, бұған дейін аталған әйелден жұбайына қатысты арыз-шағым түспеген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
13:21
Ресейлік рэпер Navai есірткі ісі бойынша 2 айға...
15.10.2026
13:20
«Әке-шешесінің қазасын білмейді»: Атырауда жақы...
15.10.2026
12:09
«Жұрт тараған соң жалғыз қалды»: Майғазиевтің ...
15.10.2026
11:45
Танымал қазақ жазушысы, журналист өмірден өтті
15.10.2026
11:45
«Қол қоятын құжатты оқу керек»: СІМ Ресейдегі қ...
15.10.2026
11:42
Әйелін өлтірген жиеніне кешірім берді: 15 жаста...