Грузияда қаза тапқан қазақстандық трансгендер туралы жаңа дерек шықты
27 қарашада Грузияда қазақстандық азаматша Томирис Құсайынованың қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл ақпаратқа қатысты Centralmedia24 порталының ресми сұрауына жауап берген ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаның егжей-тегжейін бөлісті.
СІМ мәліметінше, қазақстандықтың өлімі туралы хабар 26 қарашада Грузиядағы Қазақстан елшілігіне түскен. Ведомство марқұмның соңғы екі жыл шамасында шет мемлекетте тұрғанын нақтылады.
«Грузия полициясының ақпаратынша, қазіргі уақытта процессуалдық шаралар жалғасып жатыр. Қазақстанның елшілігі грузин құзырлы органдарымен байланыста болып, жағдайды бақылауда ұстауда. Сонымен қатар дипломаттардың қолдауымен 30 қараша күні марқұмның денесі Қазақстанға репатриацияланды», – деп хабарлады министрлік.
ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың өліміне қатысты нақты себептерді әзірге жария етпегенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады