Гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар Америкадан Қазақстанға жеткізілді
575
IT қауымдастық шетте қалмай, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек қолын созды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.
Министрдің айтуынша, ARC Drones — қазақстандық Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған американдық стартап. Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады.⠀«Жағдай анықталғаннан кейін біз көмек көрсетуге себеп болатын барлық мүмкіндіктерді қарастырдық. Нәтижесінде ARC Drones дрон құрылғасының 3 данасын Америкадан Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылдадық. ARC Drones өкілдері қазір Атырау қаласында және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды материалдық құралдарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын», — деп жазды Бағдат Батырбекұлы. ⠀
«Осы дрондарды қолданып, біз құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіз қызметін күшейтеміз. Сонымен қатар, дрондарды су сынамаларын жинауға да қолдануға болады. Дрондарды шұғыл пайдалану жақын арада қажет болмайды және еліміздегі су тасқыны жағдайы қалыпқа келеді деп үміттенемін», - деді министр.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...
24.08.2026
16:41
"Королева болып өстім": Жеңіс Ысқақова отбасы т...
24.08.2026
16:19
Жеңіс Ысқақова отбасы туралы: Бір-бірімізді сой...