«Хакер 15 млн қазақстандықтың дербес дерегін сатқан»: министрлік не дейді?

12.08.2026 12:54 Әсел МҰРАТ
«Хакер 15 млн қазақстандықтың дербес дерегін сатқан»: министрлік не дейді?
196
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Әлеуметтік желіде хакер даркнетте 15 миллион қазақтың жеке дерегін сатылымға шығарғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін ресейлік Mash басылымы eGov жүйесінен 15 миллион қазақстандықтың деректері таралып кеткені туралы хабарлаған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі одан хабардар болып шықты.

Қазіргі уақытта ақпарат тексеріліп жатыр. Атап айтқанда, ұсынылған деректер үлгілеріне талдау жүргізіліп, олардың ықтимал шыққан көзі анықталуда.

«Қазіргі таңда электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны және аталған деректер базасының тікелей eGov жүйесінен алынғаны туралы расталған ақпарат жоқ. Сонымен қатар жарияланымдарда көрсетілген ақпараттың бір бөлігі электрондық үкімет деректерінің құрылымы мен форматына сәйкес келмейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, eGov жүйесінде жарияланымдарда көрсетілген форматтағы паспорттардың скан-көшірмелері сақталмайды, ал цифрлық құжаттардың форматы өзгеше. Даркнет пайдаланушысының деректер базасының шығу тегіне қатысты мәлімдемесі eGov жүйесінің бұзылғанын растайтын дәлел бола алмайды», - делінген министрлік хабарламасында

Техникалық тексеру жалғасуда. Оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі.

Министрлік азаматтарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтауды ұсынады: SMS-кодтарды, парольдер мен ЭЦҚ деректерін үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді және әртүрлі сервистер үшін түрлі парольдерді пайдалануды сұрайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий