"ХАМАС, тұтқындарды қазір босатыңдар, әйтпесе соңы жаман болады": Трамп ХАМАС-қа қатаң ультиматум қойды

06.03.2025 12:50
0
629
Margo Martin / X / Reuters
АҚШ президенті ХАМАС-қа қатаң талап қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Палестинадағы жағдайға байланысты ХАМАС-қа қатаң ультиматум қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Ол ХАМАС-тан барлық тұтқындарды тез арада босатуды және қаза болғандардың денесін қайтаруды талап етті.

«Шалом, ХАМАС» – бұл «Сәлем» немесе «Қош бол» дегенді білдіреді. Сіздер таңдауға құқылысыздар. Барлық тұтқындарды қазір босатыңдар, өлтірілген адамдардың денелерін дереу қайтарыңдар, әйтпесе соңы жаман болады! Тек психикалық ауытқушылығы бар адамдар мәйіттерді ұстап отырады, ал сендер сондайсыңдар!», – деді Трамп өз мәлімдемесінде.

АҚШ президенті Израильге барлық қажетті көмекті көрсететінін және ХАМАС мүшелерінің ешқайсысы қауіпсіз болмайтынын ескертті.

«Мен Израильге жұмысты аяқтау үшін қажеттінің бәрін жіберемін. Егер талаптарымды орындамасаңдар, ешбір ХАМАС мүшесі қауіпсіз болмайды. Мен қазір ғана бұрынғы тұтқындармен кездестім. Бұл – сендер үшін соңғы ескерту!», – деді ол.

Сонымен қатар, Трамп Газа тұрғындарына да үндеу жасады.

«Газа халқы, сендерді керемет болашақ күтіп тұр, бірақ егер тұтқындарды босатпасаңдар, бәрің жойыласыңдар! Ақылды шешім қабылдаңдар. ТҰТҚЫНДАРДЫ ҚАЗІР БОСАТЫҢДАР, ЕРТЕҢ ӨКІНЕТІН БОЛАСЫҢДАР!», – деп мәлімдеді Трамп.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың қазіргі президентінің бұл қатаң мәлімдемесі Израиль-Палестина қақтығысын одан әрі шиеленістіріп жіберуі мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий