Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді

Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді
04.08.2025 15:54
0
55
Фото: ашық дереккөз

Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталып сотқа жолданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, Қасымбаев пен басқа да күдіктілерге қатысты іс айыптау актісімен бірге 21 шілдеде прокуратураға түскен.

"29 шілдеде облыс прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді", – деп хабарлады ведомство.

Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау баптары бойынша тергеу жүргізілген.

Сондай-ақ, Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленушінің пайда болғаны да бұған дейін белгілі болған.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың (Полаттың) атышулы өліміне байланысты аталған болатын.

Оны Талғарда "Хуторлық бригаданың" басшысы деп атайды. Ол 2024 жылғы 5 қарашада қамауға алынған.

Полиция мәліметінше, Қасымбаевтың 2021 жылдың маусымында Талғарда аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Алимовты ұрып-соғу мен ұрлауға қатысы болуы мүмкін. Ол кезде топпен шабуыл жасау және адам ұрлау фактілері видеоға түсіп қалған. Видеодағы жәбірленуші – аралас жекпе-жек шебері әрі жаттықтырушы Арман Алимов екені айтылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий