«Хаттарында күдіктінің аты жазылған». Атырауда достары өлтірген қыздың анасы
Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданында туып-өскен Яна есімді қыздың денесі бірнеше күн бойы іздестірілді. Өкінішке қарай, оның өлі денесі табылды. Оны танысы өлтіріп, денесін өзенге лақтырып кеткен деп айыпталды.
Мәліметтерге сенсек, Яна 2001 жылы дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, Атырау мұнай және газ университетіне грантқа түскен. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң магистратураға түсіп, осы жазда магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар ол Атырау Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтында жұмыс істеген.
Айта кетейік, 18 қазанда Яна анасына соңғы рет хабарласқан. Ол кезде анасы Галина іссапармен Ақтау қаласында болған. Келесі күні Галина қызына хабарласқанда, оның телефоны өшіп тұрған. Кешке қарай Галина әпкесінен үйіне барып көруін сұраған. Үйге келгенде әпкесі барлық бөлменің жарығы қосулы, ал Янаның өзі жоқ екенін көреді.
Қуаттағышы да, құлаққабы да үйде екен - ол бұл заттарын алмай, ешқайда шықпайтын. Ол өзін өлтірген адаммен көліктің ішінде сөйлескен, сондықтан да күрткешесін кимеген деп ойлаймын. 20 қазанда Атырауға ұшып келдім де, дереу полицияға қызымның хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгіндім", - дейді анасы. "...Бізге бұл адамның аты-жөнін ресми түрде бермеді, бірақ мен оның кім екенін шамалап отырмын. Оның ешқашан жігіті болған жоқ, ешкіммен жүрмеді. Өйткені ол ең алдымен оқу мен мансап, содан кейін ғана қарым-қатынас болу керек деп үнемі айтатын. Бірақ бұл адамға соңғы кездері ол қоңырау шалса, шығып жүрді.
Янаның жазып жүрген күнделігі болған. Күнделік қыз жоғалғаннан кейін оны өлтіруі мүмкін адамның кім екенін шамалауға көмектесті. Күнделікте Яна Р. әрпімен белгілеген адамға қатысты кейбір сәттерді сипаттаған.
"Оның күнделігінде олардың күнде хат жазысып тұратыны жазылған. Менің түсінуімше, Р. келіп, қызым оны көруге шығады, олар көлікте отырады, содан соң қызым үнемі үйге қайтады. Мен бұл кісінің нөмірін қызымның достарынан алдым да, қызымды көрген-көрмегенін сұрадым. Ол қызымды көрмегеніне бір аптадан асқанын, онымен сөйлескеніне көп болғанын, онда да жұмыс бойынша сөйлескенін айтты. Әңгіме барысында ол кекештеніп сөйлесті. Янаның достарынан ол кекештенетін бе еді деп сұрадым, олар оның тілінің кемістігі жоқ деді. Әлі күнге дейін қызымды өлтірген адамның аты-жөнін білмеймін. Полиция бұл тергеу құпиясы деді. Янаның күнделігі де қазір полицияның қолында".23 қазан күні таңертең күдіктілер - 24 және 25 жастағы екі ер адамның ұсталып, кінәсін мойындағаны белгілі болды. Полиция департаменті қызды өлтіріп, денесі Жайыққа тасталғанын хабарлады. Қала тұрғынының жоғалып кетуіне байланысты "Адам ұрлау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
12:16
"Ене жайсыз тұлғаға айналады". Мұхамеджан Тазаб...
12.12.2024
12:09
Алматы әуежайында тұрақ бағасы 1 қаңтардан баст...
12.12.2024
11:32
Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді
12.12.2024
11:13
Еңбек нарығы: қарашадағы ең сұранысқа ие жұмысш...
12.12.2024
11:11
Кей уағызшылардың көзін құрту керек - Айқын Төл...
12.12.2024
11:09
Макрон мен Туск Украинаның болашағын талқылауға...